Кеше ғана Алматыда күн шуағын шашып, құстар көктемнің көңілді әнін шырқап жүрген, ауа температурасы 30 градусқа дейін жылы болған. Мамыражай күнге масайраған жұрт жазғы киімдерін сандықтан шығара бастап еді.
1 сәуір күні алматылықтар оянып қараса, далада - қыс: температура 3 градус нөлден жоғары, қар жауып тұр.
Мұның да жақсы жағы бар екен. «Қазгидрометтің» мәліметтеріне қарағанда, мұндай метеожағдайлар атмосферада жиналған ауаны ластаушы заттардың ыдырауына себеп болады екен.
Синоптиктер келесі аптада апта бойы нөсер жаңбыр жауып, ауа температурасы 15 градустан аспайтынын хабарлап отыр.