2010 жылғы сәуірдің 23-індегі мәліметтер бойынша «СҚ-Фармация» компаниясы медициналық мекемелерге наурыз-сәуір жоспарының 88%-ын жеткізіп берген. Компания наурыз айында дәрілерді жеткізу жөніндегі міндеттемелерін 97,3%-ға орындаған, ал сәуірдегі көрсеткіштер 80,9 пайызды құрап отыр (сәуірдегі жөнелту жұмыстары әлі аяқталған жоқ), делінген компанияның баспасөз мәлімдемесінде.
Осы жылдың наурызынан «СҚ-Фармация» 745 атау бойынша дәрі-дәрмек жеткізуді толықтай жүзеге асырып жатқанын айта кету қажет. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарымен Бірыңғай дистрибьютор тізімінен 135 дәрі-дәрмек шығарып тасталды.
Бүгінгі күнге Бірыңғай дистрибьютор қоймаларында жалпы сомасы 3,1 миллиард теңгенің 673 дәрі-дәрмегі, оның ішінде бұрын «СҚ-Фармация» тізімінен шығарылғандары да бар, жинақталған.
«СҚ-Фармация» атап көрсеткендей, бұл компания Бірыңғай дистрибьютор ретінде толықтай жеткізуді осы жылдың наурызынан бастап қана жүзеге асыра бастаған. Наурыздың 10-ына дейін емдеу мекемелеріне дәрілерді өз бетінше сатып алуға рұқсат етілді (ҚР үкіметінің 2010 жылғы ақпанның 4-індегі №66 қаулысы). Сырқаттарды емдеу-алдын алу мекемелері өтініштерінде аз көлемді тапсырыс бере тұра, дәрілерге қосымша көлемдегі ұсыныс жасаған жағдайларда - анық емес мәліметтер туындаған.
Сондықтан да бұл мәселенің жұртшылық үшін әлеуметтік мәні зор екенін ескере келе, Бірыңғай дистрибьютор ауруханаларға дәрі-дәрмек жеткізу туралы тұрақты түрде құлағдар етіп отыруға бекінген.