Астана қаласын одан әрі дамыту мәселелеріне арналған сәулеттік кеңестің отырысында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың елорданы сәулеттендіру жұмыстарын күшейту туралы берген тапсырмасына орай, сенбілікте басты назар бас қаланы көгалдандыру жұмыстарына бағытталатын болады.
Айлық шеңберінде санитарлық тазартуға арналған бірнеше сенбілікті өткізу көзделуде. Көшелердің бойындағы қоқыстарды қала сыртындағы полигонға шығарып, оларды жоюмен «Астана Қалалық коммуналдық шаруашылық» АҚ-ның коммуналдық қызметтері тегін айналысады. Бірақ ол үшін аудандық әкімдіктерге алдын ала барып талондар алу қажет.