«Сәуір айы әлі де ауыспалы маусымның ортасы болғандықтан, ауа райы құбылмалы болмақ. Айдың ортасына қарай бүкіл Қазақстан батыс және оңтүстік циклондардың ықпалында болып, еліміздің оңтүстік-шығыс және шығысында найзағай ойнап, екпінді жел соғады; бұршақ жауып, солтүстікте жаңбырдың арты ери жауатын қарға ұласады; сондай-ақ екпінді жел соғып, көктайғақ болады; түнгі және күндізгі сағаттарда тұман түсіп, нөсер жаңбыр жауады», - дейді Жұлдыз Исабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Қазгидромет өкілінің айтуынша, сәуірде солтүстікте ауа температурасы түнде 0,-5°С-тан 2 7°С дейін, күндіз 8 13°С-тан 12 20°С дейін болса, еліміздің оңтүстігінде түнде 5 13°С-тан 10 15°С дейін, күндізгі уақытта 12 23°С-тан 18 26°С аралығында болады.
«Ең суық күндер екінші және үшінші онкүндіктің ортасына келеді: республиканың басым бөлігінде температура -5-10°С дейін, кей жерлерде 0 °С, күндіз -2 6°С дейін төмендейді. Оңтүстік жартысында - түнде ауа райы 0, 5°С дейін төмендеп, топырақ бетінде 3°С дейін қатқақ болады. Күндіз 7 15°С дейін төмендейді», - дейді ол.