Бұл туралы бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.
Сәуірде Қазақстандық қор биржасындағы биржалық операциялар көлемі қосымша саудалар мәмілелерін қоса алғанда наурызбен салыстырғанда 55,3 пайызға өсіп, 4,8 млрд. теңгені құрады. Биржадан тыс валюталық нарықтағы операциялар көлемі 39,5 пайызға артып, 1,3 млрд. АҚШ долларына жетті.
Толықтай алғанда, ішкі валюта нарығындағы операциялар көлемі 51,6 пайызға өсіп, 6,1 млрд. АҚШ долларын құрады.