Сауль Альварес Амир Ханды алтыншы раундта нокаутқа жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 25 жастағы Альварес пен бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы 29 жастағы Хан арасындағы жекпе-жек алтыншы раундта мексикалықтың жеңісімен аяқталды.

Шиеленіскен, аса тартысты өткен айқастың алтыншы раундында Алварес оң жақтан ауыр соққы жасап, Ханды нокаутқа жіберді.

Бір тең ойын, бір жеңіліспен 47-ші жеңісіне (33-ші нокаут) қол жеткізген Альварес WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын қорғап шықты. Хан кәсіби рингтегі 35 ойынындағы 4-ші жеңіліске ұшырады, деп жазады vesti.kz.