Сауль Альварес: Головкин -қауіпті боксшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауль Альварес Golden Boy Promotions-тің Twitter-інде қазақстандық боксшы Геннади Головкин туралы жазды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА

«Головкин - қауіпті боксшы. Ол мен кездескен қарсыластардың ішіндегі күрделі спортшылардың бірі. Бұл жекпе-жекке мен спорттың мансабымдағы ең жоғары дайындықпен келемін. GGG-дің бірнеше рет маған соққылары өтті. Алайда ол оның тәжірибесінің көп екенімен байланысты. Ол маған қарсы соққы жасай бастаған кезде, мен оны байқап әрекет етемін. Бесінші раундта мен құлағым мен мойын арасынан қатты соққы дарытып алдым,  нокаутқа түсуім мүмкін еді. Алайда мен ештемені сезбедім», - дейді Сауль Альварес.

Еске сала кетейік, «Канело» - GGG рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.