Сауль Альварес: Головкинді жеңсем де, мені сынайтындар табылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес WBA (Super), IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен осы салмақта айқасып, жеңіске жетсем де, мені сынаушылар табылады деп санайды.

«Сынаушыларға айтар жауабым жоқ, - деп мәлімдеді Канело. - Мені үнемі сынға алады. Айтар ештеңе жоқ. Егер Головкинді жеңсем, мені сынау үшін тағы себептер табыла береді. Сондықтан да қазір өзімнің жасауым қажетті іспен айналысып жатырмын».

Еске салсақ, 7 мамырда Альварес британдық Амир Ханмен жекпе-жекке шығады, деп хабарлады sports.kz.