Сауль Альварес: Головкинмен өтетін айқас менің абыройымды айқындайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен өтетін жекпе-жекті спорттық мансабымдағы ең маңызды айқас деп атады. Бұл туралы Sports.kz. жазды.

«Шындығында, солай. Бұл - тегеуірін танытатын және менің абыройымды айқындайтын ең маңызды жекпе-жек», - деп атап өтті Альварес журналистерге берген сұхбатында.