Ресейлік allboxing.ru сайтында берілген мәліметке сәйкес, Канело қазіргі уақытта нағыз бабында екенін, бұрынғыдан гөрі мықты боксшыға айналғанын айтқан.
«Мен қазір нағыз боксшымын. Маған залда тынымсыз жаттығып, тәжірибемді арттыру өте ұнайды. Мен алға ғана жылжып, өз жұмысымды қарсыластарымнан қарағанда жоғары дәрежеде жүргізіп жатырмын», - дейді Канело.
«Головкиннің бұрынғы қарсыластарымен шыққанда жағдай қалай болар еді» деген сұраққа Альварес сенімді түрде жауап берген.
«Өте оңай жеңер едім. Мен де оларды нокаутқа жіберер едім. Мен үшін бұл тіпті оңай іске асар еді», - дейді Альварес.
Еске сала кетсек, 16 қыркүйек күні АҚШ-тың Невада штатында WBA (Super), WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадия Головкин мен мексикалық Сауль Алварес рингте кездеседі.