Сауль Альварес: «Головкиннің қарсыластары әлсіз»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 26 жасқа толған екі түрлі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес орта салмақтағы WBA (Super), WBC және IBF бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің қарсыластарын сынады, деп жазады sports.kz. Осы тұста Альваресте Головкинмен кездесу мүмкіндігі болғанын, бірақ WBC белдігін еш шайқассыз бере салғанын айтып өтейік.

«Ол ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүр, - деді Канело. - Ол ешқашан өзін жаңа деңгейге көтеретін мықты боксшылармен жұдырықтасқан жоқ».

Альварестің ойынша, оның Амир Ханға қарсы жекпе-жегі Брукпен кездесетін Головкин жағдайынан өзгеше.

«Ең бастысы, Брук екі дәреже жоғары көтерілді», - дейді Альварес. - Амир Хан бір ғана қатар көтерілген.