«Мен Головкинмен қашан болса да айқасуға дайынмын!», - деген сөзін келтіреді Universo Deportivo басылымының Канело твиттері.
Канело - Чавес жекпе-жегі 6 мамырда Лас-Вегаста болады. Ал Головкин өзінің таяудағы айқасын 18 наурызда Нью-Йоркте американдық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) өткізеді.
Егер Канело да, Головкин де жеңетін болса, онда олар өзара қыркүйекте кездесуі мүмкін. Бұл туралы боксшылардың промоутерлері Оскара де ла Хойи мен Том Лёффлердің ауызша келісімдері бар.