12 раундқа жалғасқан жекпе-жекте қазылардың ортақ шешімімен мексикалық боксшы қарсыласынан ұпай бойынша басым түсті.
Енді Сауль Альварес 15 күннің ішінде Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға қатысты келіссөздерді бастауға міндетті. Олай болмаған жағдайда WBC ұйымы титулды қазақстандық боксшыға тарту етеді.
Айта кетейік, Сауль Альварестің жекпе-жектегі кепілдендірілген гонорары бес миллион долларды құрайды. Оның қарсыласы, 34 жастағы Мигель Котто (40-5,33 КО) жекпе-жектің өзі үшін ғана 15 миллион доллар алады.