Сауль Альварестің фотосы: Армандар бала кезден басталады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) өзінің  Instagram желісіндегі парақшасында бала кезіндегі фотосын жариялады,  деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фотода кішкентай "Канело" былғары қолғап киіп, екі қолын жоғары көтеріп тұр. "Менің барлық фанаттарыма - еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін алғыс айтамын! Армандар бала кезінде басталады - жоғары мақсаттарға ұмтыл!", - деп жазды Альварес осы фотосының астына.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF мен IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин осы мексикалық боксшымен кездеседі. Аталған жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы "T-Mobile" аренасында өтеді. Уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстанда тікелей эфир 17 қыркүйек күні таңертең көрсетіледі.