Сәулетші Серік Рүстембеков: Астана танымал елордалардың біріне айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана өзінің бірегей сәулетінің арқасында әлемнің танымал елордаларының біріне айналды, деп санайды Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Халықаралық сәулет академиясының мүшесі Серік Рүстембеков.

«Бүгінде Астана тәуелсіз Қазақстанның жаңа елордасы ретінде қалыптасқанын бүкіл әлем мойындап отырғаны сөзсіз. Шын мәнінде, 16 жылдың ішінде ол әлемдік ауқымдағы оқиғалар: беделді халықаралық саммиттер, спорт жарыстары, форумдар өтіп жатқан халықаралық маңыздағы қалаға айналды. Қала Мемлекет басшысы ойға алған мұраттарға сәйкес өсіп, дамып келеді, оның болашағы бұдан да жарқын болмақ», - деді С.Рүстембеков.