Сәуір айында қазақстандықтар 66,9 млрд теңгеге доллар сатып алған

Фото: Pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк сәуір айындағы валюта нарығының көрсеткіштерін жариялады.

Сәуір айында елдегі валюта айырбастау бекеттері ішкі нарықта 66,9 млрд теңгенің долларын, 4,9 млрд теңгенің еуросын, 218,4 млн теңгенің фунт-стерлингін, 148,6 млн теңгенің юанін сатса, 30,7 млрд теңгенің рублін сатып алған. 

Өңірлер бойынша қарасақ, Алматы қаласында 16,4 млрд теңгенің, Шымкент қаласында 13,3 млрд теңгенің, Маңғыстау облысында 8,3 млрд теңгенің, Астана қаласында 6,3 млрд теңгенің, Атырау облысында 6,06 млрд теңгенің доллары сатылған.

Ал Шығыс Қазақстан облысында 553,8 млн теңгенің, Қарағанды облысында 533,2 млн теңгенің, Батыс Қазақстан облысында 393,5 млн теңгенің Ақмола облысында 251,8 млн теңгенің рублі сатылған. Астана қаласында керісінше валюта айырбастау бекеттері ішкі нарықтан 30,01 млрд теңгенің рублін сатып алған. 

Бұған дейін Қазақстанның қай өңірлерінде Ресей рубліне сұраныс жоғары екенін жазған едік.