Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2026 жылдың алғашқы төрт айында Моңғолияға 208 028 шетелдік турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға немесе 54 260 туристке артық.
Олардың ішінде тек сәуір айының өзінде елге 64 597 турист келген. Бұл 2025 жылдың сәуірімен салыстырғанда 26 пайызға көп.
Туристік маусымның басталуына байланысты Мәдениет, спорт, туризм және жастар істері министрлігі мен оған қарасты ұйымдар қызмет көрсету сапасын арттыруға, отандық туристік қызметтерді халықаралық деңгейде белсенді насихаттауға және туристік аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударып отыр.
Бұдан бұрын 2026 жылы Моңғолияға келетін туристер саны 14,8%-ға артқаны белгілі болды.