Синоптиктердің болжамынша, сәуір айында Қазақстанның барлық аумағында бір айдағы орташа ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде.
Сәуір айында жауын – шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормадан көп. Ұлытау, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Абай облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда, Түркістан облыстарының солтүстік-шығысында және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында норма шамасында болжанады.
Бір ай ішінде Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің Еуропалық аумағынан циклондардың әсерінен күн райының тұрақсыздығы басым болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке дейін күшшейеді, кейбір күндері екпіні 23-28 м/с дейін (батыста және оңтүстікте шаңды дауылмен) жетеді, республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Сәуір айының бірінші онкүндігінің басында және екінші жартысында ҚР басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі: жаңбар, түнде жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. 3, 10 сәуірде Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында, онкүндіктің соңында 8-9 сәуірде елдің орталығы мен оңтүстік - шығысында (Ұлытау, Қарағанды, Жамбыл облыстары), 9 сәуірде Түркістан, Алматы және Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын болады деп болжануда. Республика бойынша тұман түсіп, елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады. Жауын-шашынның тоқтауы елдің батысында онкүндіктің басында, республиканың басым бөлігінде онкүндіктің ортасында күтіледі.
Онкүндіктің алғашқы күндерінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі: солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында түнде -2-7°С дейін, күндіз 3 8°С дейін, содан кейін 4 сәуірден бастап ауа температурасы түнде 0 5°С, күндіз 12 20°С дейін жоғарылайды. Онкүндіктің соңында температуралық фон түнде -2-7°С дейін, күндіз 5 12°С дейін қайта төмендеуі болжанады.
Сәуір айының басында елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде -5 3°С дейін, күндіз 5 15°С дейін төмендейді, содан кейін түнде 3 10°С дейін, күндіз 13 23°С дейін жоғарылайды деп болжануда. Онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде -3 5°С дейін, күндіз 7 15°С дейін төмендеуі болжанады.
Қазақстанның батысында ауа температурасының негізгі фоны түнде 2 9°С, күндіз 13 20°С құрайды.
Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуымен температуралық фон жоғарылайды:
елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 2 10°С дейін, күндіз 15 25°С дейін;
оңтүстік өңірлерде және ҚР батысында түнде 7 13°С дейін, күндіз 17 27°С дейін.
Алайда, суық ауа райының қайталануы болжанады. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарындағы Ресей аумағынан суық ауа массаларының ағуы кезінде термометрлердің бағандары түнде -2-7°С-қа дейін, күндіз 6 11°С-қа дейін, оңтүстік аймақтарда және елдің батысында түнде -2 7°С-қа дейін, күндіз 10 18°С -ге дейін төмендеуі мүмкін.