Сәуір айының қорытындысы бойынша қазақстандық топ-10 боксшы анықталды

Фото: Фото: Нұрғали Жұмағазы

АСТАНА. KAZINFORM — Boxrec.com сайты соңғы айдағы Қазақстанның үздік боксшыларының рейтингін жаңарттыү Бұл туралы Sports.kz жазды.

Әлбетте көш басында WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы тұр. Екінші орында Сұлтан Зәуірбек, ал үздік үштікті Бекман Сойлыбаев түйіндеп тұр.

BoxRec нұсқасы бойынша сәуір айындағы үздік 10 қазақстандық боксшы:

  • Жәнібек Әлімханұлы
  • Сұлтан Зәуірбек
  • Бекман Сойлыбаев
  • Батыр Жүкембаев
  • Данияр Елеусинов
  • Бек Нұрмаганбет
  • Ельшат Нығметолла
  • Руслан Мадиев
  • Садриддин Ахмедов
  • Сергей Липинец

Еске сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингіде бір саты жоғарылағанын жазған болатынбыз.