САУРАНБАЙ БИ ҚҰЛМАНҰЛЫ

Фото: None
Сауранбай Құлманұлы (1847-1919) - белгілі би, болыс. Бұрынғы Перовск уезіне қарасты Қараөзек болыстығында (қазіргі Қызылорда облысы) дүниеге келген.

Жас кезінде Аббас бидің қарамағында көмекші болып өз заманының әділ биі, от ауызды, орақ тілді Аббас бидің тәлім тәрбиесін көрген. Сауранбай би ел арасындағы дау-шараларды шешу кезінде билік айтып, ел арасында өткір тілімен, біліктілігімен көзге түскен. Ел ішіндегі әр түрлі билік, әкімшілік жұмыстарына белсене араласқан.

Перовск уезіне қарасты Қараөзек болысының болысы болып 30 жылдай ел басқарған.

1870 жылы Сауранбай Құлманұлының бастамасымен қаздырған арық «Сауранбай арығы» аталып, содан өтетін теміржол көпірі 1904 жылдан Сауранбай болыстың көпірі «Сауранбай көпірі» (қайта жаңартылған) аталған.

1901 жылы 22 наурызда күміс медальмен және Станиславский лентасымен марапатталған.

1902 жылы Орынбор-Ташкент темір жолының өту бағытын әзірлеуге атсалысып, құрылысына көмек көрсеткен.

Кете Жүсіп, Дүр Оңғар, Жарылқап ақындардың жырларында Сауранбай би Құлманұлы туралы деректер кездеседі.

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 7 том