САУРЫҚ БАТЫР
Қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданы Саурық батыр ауылында дүниеге келген. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының қолдаушыларының бірі Саурық Ыстамбекұлы немере ағасы Сұраншы батырмен бірге Жетісуды Ілеге дейін билеген Қоқан ханының езгісіне қарсы шығып, жергілікті халықтан жасақ құрды.
1853 жылы Сарыкемерде Тілеуқабыл руларын шапқан қоқандықтарға қарсы болған ұрысқа талай шайқастарға Саурық батыр да белсене қатысып, ерлiк көрсеткен.
1984 жылы қырғыз манабы Орманның әскерілеріне шабуыл жасап, тойтарыс берген. Ол Ресейдің Жетісуды жаулап алу саясатына наразылық танытушылардың да алдыңғы қатарында тұрып, орыс әскерлерінің Тойшыбек бекінісіне шабуылына ашық қарсылық білдірді.
Деректерге қарағанда Қарақыстақ өзенінің төменгі сағасында Саурық батырдың бекінісі болған. Бекініс төртбұрышты, қалың қабырғалы болып келген. Қабырғаларының ұзындығы 75 метр, ал ішкі ауданының жалпы көлемі 562 м2 болған.
Саурық батыр ел арасындағы дау-дамайды болдырмауға күш салып, қазақ-қырғыз халықтарының тату көршілік бас қосқан жиындарына белсене атсалысқан.Саурық батыр қырғыздармен соғыс кезінде қаза тапқан. Батырдың ерлігі туралы халық поэмаларында, аңыздар жырланған.
Саурық батыр Ыстамбекұлына Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл Жабаевтар жыр толғаған.
Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл - аудан орталығы Саурық батырдың есімімен аталады.
Дерек көзі:
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 7 том