Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы» (Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды.
ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуынша, бағдарламаға мемлекет, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар қатысатын заңды тұлғалар мен олар бақылайтын заңды тұлғалар және шет елдер қатысатын заңды тұлғалар қатыса алмайды. Ену мүмкіндігі 2011 жылмен шектеліп отыр. Іріктеудің 1-кезеңі жоғарыда аталған критерийлерге сәйкестікті растайтын құжаттарды жинау болып табылады. Ол салалық мемлекеттік органдардың тиісті қорытындыларды беруі арқылы жүзеге асырылады.
«Көрсетілген өлшемдер бойынша іріктеуден өткен кәсіпорындар кәсіпорынның сауықтыру жоспарын әзірлеу үшін кредиторлар комитетімен таңдалған кеңесшілерді тарта алады. Мемлекет тарапынан Кеңесші қызметтерінің құнының 50 пайыздық мөлшері қаржыландырылады. Бірақ оның көлемі бір қатысушы үшін 35 млн. теңгеден аспауы керек. Ал Сауықтыру жоспары меншік иесі, кредит берушілер, оның ішінде мемлекет тарапынан кәсіпорынның төлем қабілеттігін қайта қалпына келтіру бойынша шаралардан тұруы тиіс және әлеуетті қатысушылардың қатысуымен Кредиторлар кеңесімен бекітілуі тиіс. Бұл ретте меншік иелері және оның кредиторлары мемлекетпен қатар кәсіпорынға көлемі жағынан мөлшерлес қолдау көрсетуі қажет», - дейді Болат Жәмішев. Ондағы мемлекеттік қолдаулар: қарыз немесе лизингтік операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемені және Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша купонды субсидиялау болып отыр. Оның мерзімі - 5 жыл, мөлшері - жылына 7 пайызды құрамақ. Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеу мерзімін 3 жылға дейін ұзарту, салықтық преференциялар беру. Стратегиялық инвестор іздеуге көмектесу. 4 жылға дейінгі мерзімге кепілдендірілген тапсырыс беру. Олардың кәсіпорынды сауықтырудағы қатысу дәрежесін ескере отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақша қаражатын екінші деңгейлі банктердегі депозиттерге орналастыру бойынша шаралар қолдану болып табылады.
«Іріктеудің 2-кезеңі Премьер-Министр басқаратын Сауықтыру жөніндегі кеңестің әлеуетті өнім берушіні сауықтыру жоспарын қарау болып табылады. Бұл тәуелсіз кеңесші әзірлеген және Кредиторлар комитетімен бекітілген кәсіпорынның белгілі бір рентабельді деңгейге қол жеткізуіне жәрдемдесетін және белгіленген мерзімде қарыздар мен кредиттер бойынша берешекті өтеуді қамтамасыз ететін шаралар кешені болмақ. Кәсіпорындар 1-кезеңнің қорытындысы бойынша жиналған құжаттар мен кредиторлар комитеті бекіткен Сауықтыру жоспарын Сауықтыру жөніндегі кеңестің жұмыс органы болып табылатын ҚР Қаржы министрлігіне тапсырады», - дейді Б. Жәмішев. Министрдің сөзіне қарағанда, олар оны меншік иесі, кредит берушілер мен мемлекет тарапынан қолдау шараларының тепе-теңдігін бағалау, тиімділік бөлігіне талдау жүргізеді. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша әлеуетті қатысушының досьесін қалыптастырып, Сауықтыру кеңесінің қарауына Бағдарламаға қосу не қоспау туралы шешімді қабылдау үшін жолдайды.