Басты мақсат -Елбасы Н.Назарбаевтың дәстүрлі жыл сайынғы Жодауынан туындайтын шараларды халыққа насихаттау, Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстарды, қабылданған заңдар мен алдағы уақытта депутаттардың назарына ұсынылатын жобалар төңірегінде елді хабардар ету.
Арнайы басқосу барысында Мәжіліс депутаты аудан жұртшылығына деген ізгі ниетін, ақжарма лебізін білдіріп, өз сөзін Аралдың сонау қиын кезеңдерінен бастады. Содан бергі Тәуелсіздік жылдары тұтас еліміздің, соның ішінде Арал ауданының жеткен жетістіктерін тілге тиек етіп, аталмыш жақсылықтардың басы-қасынан табылып, тікелей қолдау көрсеткен Елбасының еңбегін ерекше бағалады.
Кездесу барысында жиынға қатысушылар тарапынан бірқатар мәселелер айтылып, талқыланды.