«Саябақтар шеруі» еліміздің жасыл аймағын қорғауға көмектеседі
13:58, 04 Маусым 2009
ШЫМКЕНТ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Оңтүстік Қазақстан облысында «Саябақтар шеруі» өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл акция өз бастауын АҚШ-тан алған. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап американдық экологтар жыл сайын табиғаттың жабайы бұрыштарын қорғуға арналған ауқымды акция өткізіп келеді. «Бүгін 120 ел осы қозғалысқа қосылды. Қазақстан оған 12 жылдан бері қатысып келеді. Біздің мақсатымыз ? бірегей табиғи бақтарды, қорықтарды, оларды қорғауды және дамытуды дәріптеу», ? деді Сайрам-Угам мемлекеттік ұлттық табиғи бағының бас директоры Жеңісбек Тұрғанов.