Эльбрус - Еуропаның ең биік нүктесі. Соғыс жылдары кескілескен ұрыстың ошағы болатын. Бұл күні альпинистер шығатын шыңға айналған.
- Адамдар әсіресе, мамыр айында көп келеді. Жеңіс күнінің құрметіне биік шыңға шығады, дейді құтқарушы Владимир Жантеміров
Эльбруске шығуға екінің бірінің жүрегі дауаламайды. Сай-сүйектен өтер суық ауа райы талайдың меселін қайтарған. Үздіксіз буырқанған жел үнемі тосқауыл. Сондықтан дауылдан кейінгі тыныштықты күту керек.
1942 жылы осы аумақта Кавказ үшін жан алысып, жан беріскен айқас болды. Гитлердің атқыштары батыс шыңға туларын тікті. Қыс ортасында фашистік әскер қуылып, ол ту құлады. Бейбіт күннің ұрпағы Эльбрус шыңына әртүрлі елдің жалауын қадауды дәстүрге айналдырған.