Саян-Шушенск ГЭС-індегі апат құрбандарының саны сегіз адамға жетті

АБАКАН. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Саян-Шушенск ГЭС-індегі апат құрбандарының саны сегіз адамға дейін жетті. Тағы сегіз адам ауруханада қалып отыр.


Бұл жөнінде «РусГидро»-ның ресми өкілі Евгений Друзяк хабарлады. Сонымен қатар, Енисейдегі апаттан пайда болған майлы дақ сүзіп алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.