Саян-Шушенск су-электр стансысында тірі екі адам табылды

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Саян-Шушенск су-электр стансысында тірі екі адам табылды. Сөйтіп, із-түзсіз кеткендер санатында болған адамдардың саны 64-тен 62-ге азайды.


Стансының   екі  қызметкері     тірі  табылып  отыр. Бұл  туралы    төтенше оқиға орнында   жүрген  Ресейдің Төтенше жағдайлар министрі Сергей Шойгу    мәлім етті,  деп  хабарлайды  «Маяк»  радиостансасы.

Бүгін Ресей Федерациясының  Хакасия  Республикасында  -  Аза  тұту күні.   Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты  бойынша, ГЭС апатының салдарынан  12 адам қаза тапты.

Саян-Шушенск    стансысында іздестіру-құтқару    шаралары    әлі жалғасуда.