АСТАНА. KAZINFORM — Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжілісте талқыланып эндаумент қорлар туралы заң жобасының Назарбаев қорларының жұмысына қалай әсер ететінін айтты.
— Мысалы, Назарбаев университеті, Назарбаев мектептерінің қорлары бөлек заңмен реттелген. Осының бәрін тексеріп, мықты, табысты, қалыптасқан эндаумент қорларға бұл заң кіріспейді. Олар өздерінің заңдарымен немесе өздерінде қалыптасқан практиканы сақтайды. Оны біз бөлек талқылап, осылай келістік, — деді министр.
Еске салсақ, оқырман назарына аталған заң жобасының басты жаңашылдықтары туралы сұхбат ұсынған едік.
Есімжан Нақтыбай
16.01.1987ж. Монғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ШҚО, Катонқарағай ауданында орта мектепті тәмамдаған. Тілшілік жолы ШҚО Глубокое ауданындағы "Ақ бұлақ" газетінде басталған.