«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін», - деді С. Нұрбек.
Жалпы отырысында палата депутаттары С. Нұрбекті Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайлады.
Еске сала кетейік, жақында Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы фракциясының бос мандаты Саясат Нұрбекке беріледі. Бұдан бұрын хабарланғандай, 1 наурызда өткен съезд барысында «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы шешім қабылданды.