«Шын мәнінде бұл бұрыннан күтілген шешім еді. Осы тұрғыдағы бастама бірнеше мәрте жарияланған болатын, сондықтан әуежайдың Президент атын алғаны әбден қисынды. Өздеріңіз білесіздер, әуежайларға адам есімдерін беру тәжірибесі негізінен батыстық демократиялық әлемге тән. Атап айтқанда, бұны басқаша түсінген дұрыс. Париждегі әуежай Шарль де Голль атында, сондай-ақ Нью-Йорк қаласында Кеннеди есімі, Вашингтон шаһарында Даллес есімі берілген әуежайлар бар. Бұл негізінен батыстық тәжірибе»,-деп түсіндірді ол.
Оның сөзіне қарағанда, посткеңестік кеңістікте әуежайлар әсіресе атаусыз болды.
«Бұл тұрғыда біз бұрынғы кеңестік белгіден кететін боламыз. Әуежайдың коды бізде әлі де TSE деп белгіленген. Осы орайда бұл шешім кодировканы өзгертуге жақсы себеп болады деп ойлаймын»,-дейді саясаттанушы.
«Айтпақшы, Түркияда Ататүрік әуежайы бар. Бұл өз кезегінде әуежайды тануға ерекше мән береді. Бүгінде Назарбаев Университетін танымал әрі беделді оқу орны ретінде ел тұрғындарымен қатар, шетелдіктер де таниды. Сондықтан да әуежай да осындай танымалдыққа ие болады деп сенемін»,-деп түйіндеді сөзін Талғат Қалиев.
Естеріңізге сала кетейік, Астана халықаралық әуежайы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды . ҚР Үкіметінің тиісті Қаулысы бүгін БАҚ-та жарияланды.