«Қазақстанда көптеген тарихи тұлғалар әлi күнге дейiн өз деңгейiнде бағасын алған жоқ. Мәселен, сондай тұлғалардың бiрi - Әлихан Бөкейханов. Келесi жылы бiз оның 150 жылдығын атап өтемiз», - деді ғалым.
Оның айтуынша, «Алаш Орда» көсемі Кеңес үкіметіндегі оқулықтарда жазылғандай ұлтшыл емес еді, ол - ұлттың нағыз мақтаншы.
«Ә.Бөкейханұлы - Алашорданың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан адам. Оның есiмi бiрде-бiр университетке берiлген жоқ. Бұл - менiңше, өте үлкен олқылық», - дедi ол ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Ж. Сәбитов.