Сарапшы өңірлердегі партиялық активтің жаңартылуына баса назар аударды. Оның пікірінше, билік партиясы өзін мемлекеттік басқару жүйесімен байланыстыруға емес, оған қатысты бақылаушы орган ретінде әрекет етуге тырысады. Оның көрсеткіші – барлық деңгейдегі саяси кеңестердегі мемлекеттік қызметшілер санының екі есе қысқаруы және бизнес-құрылымдар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері және тағы басқалары санының артуы.
Онымен қоса, партия жанынан 1752 қоғамдық кеңес құрылған, оларға қоғамның патрияға мүше емес өкілдері еніп отыр. Оның ішінде республикалық дәрежеге ие 14-ін парламентарийлер басқарады.
«Әлеуметті өз қатарына, әсіресе басшылық қызметтерге және аталмыш кеңестерге тарту халық арасында сенімді арттыру және атқарушы билік органдарына ықпала ету тұрғысынан «Nur Otan» үшін маңызды», – деп жазды Андрей Чеботарев Facebook-парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Nur Otan» төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өңірлердегі партиялық «қайта жүктеу» барысы туралы айтып берген еді. Өңірлердегі саяси кеңестердің құрамы 51%, бастауыш партия ұйымдары басшыларының құрамы 20% жаңартылды.