Сарапшылық клуб жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылар, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлады Саясаттанушылар конгресінің баспасөз қызметі.
Отырыс барысында мемлекеттік құрылыстың және азаматтық қоғамды дамытудың жаңа кезеңі ретінде «100 нақты қадам. Барлығы үшін заманауи мемлекет» Ұлт жоспарына сарапшылық бағалау және жан-жақты талдау жасалды.
Ұлт жоспары мемлекетті жаңғыртудың кешенді бағдарламасы болып табылатыны, ол Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталғаны және Қазақстан дамуының сапалы жаңа кезеңі екендігі атап өтілді.
Жұмыс қорытындысында Сарапшылық клуб қатысушылары орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және барлық мүдделі тараптар үшін Ұлт жоспарын жүзеге асыру жөнінде нақты ұсыныстар ұсынды.