liter.kz басылымына берген сұхбатында ол, экономикалық көзқарас тұрғысынан - бұл тауарлардың еркін қозғалысына жағдай жасау, дағдарыстан кейінгі кезеңде мемлекеттің орнықты дамуының басты факторы екенін атап атап көрсетті.
«Біз бірыңғай кедендік тарифті қалыптастыруға келдік. Әрине, бірқатар ұстанымдар бойынша ол Қазақстан үшін жоғарылап отыр. Ықпалдастық болған соң, кейбір осындай мәселелер болмай қоймайды. Бірақ тараптардың үкіметтері ел бюджеті көп шығын жоғалтпас үшін, өтемақылар тетігіне жасауға келуде», дейді қазақстандық саясаттанушы.
Сарапшының айтуынша, Кеден одағы - сонымен бірге, Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуға негізгі әзірлік. Бұл - өзін нарықтық бәсекелі ортада сынаудың мүмкіндігі.
«Сондықтан да бәсекеге қабілеттілікті көтеру керек. Ал ол үшін мемлекетіміз тиісті түрде бағдарламаларға қаржы бөліп отыр. Уақытпен ілесе жұмыс істеу керек», деп санайды Г.Рахматуллина.