«Бұқараның назарында көбінесе «А» болды. Атап айтқанда бүгінде мемлекеттік қызметшілердің 98 пайызы «Б» корпусына тиесілі. Сол себепті «Б» корпусына қатысты ауыс-түйістің, яғни басшының соңынан командалық шұбап жүретін үрдіс тоқтатылды. Үш айдың ішінде 50 есе азайды. Бұл теңдесі жоқ көрсеткіш», - деді агенттік басшысы.
«Б» корпусына конкурстарға үміткеркерлердің бір орынға шаққандағы саны 2 есеге жуық жоғарылады. Ауыл әкімшілігіндегі мамандардан бастап, орталық органдарды мамандандыруға дейінгі конкурстық комиссияның отырыстарында сіздер қазір бақылаушы ретінде қатыса аласыздар», - деді Ә. Бәйменов.