Саяси партиялар тарапынан құқықбұзушылық жасау кезікпеді - сарапшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Саяси партиялар тарапынан құқықбұзушылық жасау кезікпеді. ҚР Парламенті Мәжілісі мен әр түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысты пікір білдірген «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Ботагөз Рақышева осылай мәлім етті.

«Саяси партиялар тұрғындарды әрдайым ақпаратпен қамтамасыз етіп отырды. Барлығының мүмкіндіктері тең болғандығын атап өту керек. Партиялар тарапынан құқықбұзушылық болмады», деді сарапшы.