Саяси реформа үшінші жаңғырту мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді - сенатор

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент пен Үкімет құзырын кеңейту экономиканың үшінші жаңғыруы мақсаттарын сәтті орындауға жол ашады. «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұxбатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рашит Аxметов осындай пікір білдірді.

«Парламент пен Үкімет құзырын кеңейту Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған экономиканың үшінші жаңғыруы мақсаттарын сәтті орындауға жол ашады», - деп есептейді Рашит Ахметов.

Оның пікірінше, конституциялық реформа аясында ұсынылып отырған өзгерістер сөзсіз, Үкіметтің экономиканы басқарудағы жауапкершілігін арттырады, осылайша міндеттердің сапалы орындалуына мүмкіндік бермек.

«Ал заң шығарушы орган ретіндегі Парламент рөлінің артуы шығарған шешімдерді атқарушы орган тарапынан орындалуын қадағалауға және xалық көкейіндегі алаңдатып отырған мәселелерді дер кезінде назарға алуға септігін тигізеді», - деді Сенат депутаты.

Рашит Ахметовтің айтуынша, Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде еліміздің Ата заңына енгізілгелі жатқан ұсыныстар мен өзгерртулер қызу талқылауға салынған. Талқылау барысында Комитет мүшелері конституциялық реформаларды, сонымен қатар Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар ұсынған ұсыныстарды қолдады.