Саяси реформаны талқылау кезінде сенаторлардан ешкім назардан тыс қалған жоқ - депутат

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат депутаты Талғатбек Абайділдин атап өткендей, жоғарғы палата комитеті қоғам алдындағы саяси және адамгершілік жауапкершілікті сезінеді, сондықтан конституциялық реформаны талқылаған кезде ешкім назардан тыс қалған жоқ, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Абайділдиннің ақпаратына сәйкес Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкердік комитеті Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар туралы ұсынысты егжей-тегжейлі қарады.

«Жұмада бірлескен отырыста депутат Асқар Бейсенбаев біздің комитеттің атынан ұсыныстар айтты. Конституцияда, біздің көзқарасымыз бойынша, мемлекеттігіміздің қалыптасуындағы Президенттің қызметін атап өту қажет. Адам құқықтары бойынша уәкілетті тұлғаны бес жыл мерзімге сайлау туралы бастаманы маңызды деп санаймыз. Сондай-ақ Президент орнына үміткерлерге қатысты жоғары білім туралы талап енгізуді қолдаймыз», - деп хабарлады депутат.

Оның айтуынша, Сенат комитеттері қоғам алдындағы жоғары саяси және адамгершілік жауапкершілікті сезінеді, сондықтан конституциялық реформаны талқылаған кезде ешкім назардан тыс қалған жоқ.

«Біздің пікірімізше, бірлескен отырыстағы айтылған барлық ұсыныстар жан-жақты ойластырылған. Халық бұл ұсынысты қолдайды деп ойлаймын», - деді Абайділдин.