«Туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сараптама өткізгеннен кейін оқиғаның мән-жайы анықталады. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Бәлкім, оқыс жағдай болуы, ағаштан құлап кетуі немесе денсаулығы сыр беруі мүмкін. Нақты себебін білмейміз», – дейді Vita волонтерлері.
Еске салайық, 1940 жылы туған зейнеткердің жоғалып кеткені туралы хабарлама 26 маусымда түскен болатын.
Қанатбек Жабықбаев күнде «Металлург» бағбаншылығына саяжайға барып жүрген. Алайда шамамен сағат кешкі алтыда телефон қоңырауына жауап бермеген соң, туыстары алаңдай бастаған.
Қарияны іздестіруге VITA еріктілері, полиция қызметкерлері, жедел әрекет ету жасағы, туыстары, отбасы, достары мен белсенді тұрғындар жұмылды.