Қорғаныс бөгеттерін шолу барысында брифингке қатысушылар саяжай аумағындағы шұғыл атқарылып жатқан жұмыстарға куә болды. Қазір мұнда саяжайлар мен стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау үшін КамАЗ-дар құм тасу үстінде.
Жалпы қорғаныс бөгеттерін биіктетіп, нығайтуға облыс бойынша 1097 адам мен 224 техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасының жедел тобы Сырдария өзені жағасында және «Эдельвейс», «Орбита» саяжай серіктестіктерінде тұратын тұрғындарды құлақтандыру бойынша іс- шараларды жүргізді.