Кездесу барысында ҚР президенттігіне кандидат партия жұмысы мен өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
«Біз өз жұмысымызды әділ қоғам туралы марксистік-лениндік түсініктерді сақтай отырып құруға және осы арқылы әділетсіз тұстарын жоюға тырысамыз», - деді Тұрғын Сыздықов.
«Біздер, коммунистер үшін марксизм - қоршаған әлемнің өзгеруімен бірге үнемі дамып отыратын, қоғамның дамуындағы қордаланған және жаңа деректерді ой елегінен өткізетін шығармашылық ғылым. Диалектикалық материализм негізіне құрылған марксизмнің күші мен өміршеңдігін тарихи дамудың әрбір қадамы дәлелдеп отыр. ҚКХП қызметі ғылыми социализм идеялары, маркстік-лениндік оқу мен прогрессивті қоғамдық ойлар негізінде қалыптастырылған», - деп жалғастырды өз ойын сайлауалды штаб жетекшісі Айқын Қоңыров.
ҚР Президенттігіне кандидат партияның батыс мәдениетінің теріс ықпалы мен оның стандарттарына аса көңіл бөлетіндігін хабарлады.
«Батыс өркениеті жалпыадамзаттық құндылықтардың құлдырауынан туындаған мәдени дағдырысты кешіруде. Техникалық жетістік пен ақпараттық революциялардың нәтижесінде батыс елдерінің тұрғындары ұлттық тұтастығын, негізгі дәстүрлі құндылықтарына деген сенімдерін жоғалтуда. Адамгершілік, қайырымдылық, сенім, бірізділікті жоғалтудың аз-ақ алдында тұрған адамдар жеке басының өсуі мен дамуына көңіл аудармайды. Сонымен қатар, олар бұқаралық тұтынушыларға арналған медиа-өнімдерді автоматты түрде қолданатын механикалық роботтарға айналады», - деді Т.Сыздықов.
Кандидаттың пікірінше, «батыс адамының барлық әрекеттері тек өзінің жағдайын жасауға ғана бағытталған. Адам әлеуметтен тыс, шығармашылық және тиімді еңбекке ұйымдаса алмайтындығы бұрыннан белгілі бола тұра, қоғам ағымынан тысқары қалуда.
Батыстық адам кез келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартып, байлыққа кенелгісі келеді. Бұл сайыста нағыз ымырасыз және дүниеқоңыз адамдар жеңіске жетеді.
Қалғандары сабырлықты есірткі заттарынан, алкогольден, интернет-шындықтарынан, ызаға толы фильмдерден, компьютерлік ойындардан, фаст-фудтан және генді-модификациялық өнімдерден іздейді. Бұл өнімдердің кез келгені адам денсаулығына есірткідей әсер етіп, адам ағзасының күйреуіне әкеледі», - деді кандидат.
Мұндай жағдайлардың барлығы бұрын адамзатқа белгісіз болған түрлі генетикалық және психикалық жаңа аурулардың көбеюіне алып келді.
«Осылайша, біздің сайлауалды тұғырнамамыз батыстық жалған мәдени құндылықтардан бас тартуға негізделген. Қазақстан халқы біздің ұстанымдарымызды қолдайды деп үміттенеміз!» - деді Тұрғын Сыздықов.