Бұл туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында И.И. Рогов ел басшылығы алдағы президенттік сайлаудың Конституцияға және халықаралық стандарттарға сәйкес әділ, айқын және ашық өтуіне аса мән беретінін атап өтті.
ЕҚЫҰ Миссиясының өкілдері еліміздің сайлау құқығы саласындағы мемлекеттік құқықтық саясатының басты бағыттары туралы, Конституциялық Кеңестің Ата Заң үстемдігін қамтамасыз етудегі қызметі, сондай-ақ сайлау үдерісіндегі өкілеттілігі туралы және сайлау заңнамасына қатысты шешімдері жөнінде хабардар болды.