Кандидаттың Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы сайлауалды штабтарының сайлау науқаны бойынша міндеттері айқындалды.
Үгіт-насихат жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бағдарламасы «жасыл вектор» негізіне сүйенген Әбілғазы Құсайыновтың сенімді тұлғалары насихат материалдарын таратып, үнпарақтарды көшелерге ілуде.
Батыс Қазақстан облысындағы штаб өз жұмысын 16 наурызда бастады. 16 сенімді тұлғаның 4-еуі үгіт жұмыстарын Орал қаласында, ал қалғандары аудандар бойынша жүргізіп жатыр. Кандидатты қолдау үшін мұндағылар 7 мың қол жинап берді. Штаттағылар негізгі электораты өнеркәсіптегілер мен бизнесмендер деп санайды.
ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың Батыс Қазақстан облысындағы штабының жетекшісі Айдос Себеповтың айтуынша, штаб қызметкерлері үгіт-насихат науқанына 26 наурыздан бастап кіріскен.
«Арнайы материалдар әзірлеп, қалаларға тараттық. Үгіт-насихат жұмыстары барлық аудандарда жүріп жатыр. Үгіт материалдары қызметкерлерге жөнелтіліп, олар оны жергілікті тұрғындарға түсіндіріп, кездесулер ұйымдастыруда», - дейді ол.
Қызылорда облысындағы штаб қызметкерлері өз жұмыстарына ешқандай кедергі жоқ екенін айтады. Бәрі жоспарға сай, қаржылық және уақыттық шектеусіз жүріп жатыр.
Тек Қызылорда облысындағы штабтың өзінде 11 сенімді тұлға белсенді жұмыс атқарып жатыр. Әбілғазы Құсайыновтың сайлауалды тұғырнамасын түсіндіруден бөлек, штаб қызметкерлері кандидаттың билбордтарының барлық жерде орналастырылғанын жіті бақылауда ұстайды.
Қызылорда облысындағы штаб жетекшісі Жандос Тұсмағамбетовтің айтуынша, облыстық штабтың құрамында 11 сенімді тұлға бар. Олар өз жұмыстарын бекітілген заңға, ереже мен талаптарға сәйкес орындауда.