«Қазақстан кезектен тыс Президент сайлауына шетелдік байқаушылардың белсенді түрде қатысуына мүмкіндік бере отырып, оның ашық сипатта өтуін қамтамасыз етуде. Соңғы жылдарда елімізде ұйымдастырылған сайлау науқандарының барлығына да шетелдік байқаушылардың қатысқанын айта кеткен жөн. Дегенмен, сайлауға шетелдік мамандармен қоса, отандық бақылаушылдар да бақылау жүргізулері тиіс деп санаймын. Ал бұл жерде олардың біліктілігін арттыру үлкен маңызға ие» - деді сарапшы.
Оның айтуынша, Сайлауларды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық Комиссия бұл міндетті ойдағыдай атқарып келеді. Мұны соңғы сайлау науқандарынан байқауға болады.
«Комиссия өте маңызды қызмет атқарады. Яғни, отандық байқаушыларды көптеп дайындайды және олардың біліктілігін арттыруға күш салады. Өйткені, байқаушылар бір ғана Президент сайлауы емес, басқа да сайлауларға қатысатын болады. Мысалы, бұл жерде алдағы жылы өткізілетін Парламент сайлауын айтуға болады. Сондықтан олар кез келген сайлау науқанына лайықты бақылау жүргізе алатын жоғары білікті маман болулары тиіс» - деді В. Абрамов.