Бұл туралы ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің сайлауалды штабының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Ақмола облысында өткен «Ұлы Дала қырандары» қозғалысы атынан ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелді қолдауға арналған шеберлік-сыныбының мақсаты - атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл қазынамыз, қол өнерімізді дамыту. Аталмыш шеберлік-сыныпқа қолөнерге қызығушылық танытатын жастар келіп қатысып, қолөнерші Ержан Кәрімханның қолөнер бұйымдарын тамашалап, жасалу әдіс-тәсілдерін үйренді», делінген хабарламада.
Ағаштан түйін түйетін шебер Ержан Кәрімхан мен іс-шараға қатысқан жастың бірі Самат Хабдұлмұрат өз ойларын білдірді.