Әміржан Қосанов Нұр-Сұлтан қаласындағы №57 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
«Әлем өзгереді, ел өзгереді. Қазір ескі әдістермен жаңа сайлау өткізу мүмкін емес. Жаңа сайлаулар ашық түрде өтуге тиіс. Сайлау әділ өткенде ғана жаңа Президент те өзіне сенімді болады, қазақ халқының болашағына да сеніммен қарайды. Жеті үміткердің әрқайсының Президент болатыны жайлы айтуға мүмкіндігі бар. Бұл - заңды. Егер үміткер жеңістен қорқатын болса, сайлауға қатысудың қажеті жоқ», - деді Әміржан Қосанов журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетейік, Президенттікке үміткер сайлау учаскесіне жұбайымен келді.
ҚР ОСК-ның соңғы мәліметтеріне сүйенсек, сағат 12:00-ге дейін ҚР кезектен тыс президент сайлауында еліміз бойынша 35% сайлаушы дауыс берген.