"Сайлау жарияланғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы Білім министрлігімен, жетекші оқу орындарының ректорларымен бірнеше кеңес өткізді. Осы кеңестердің қорытындысында Орталық сайлау комиссиясының жанынан құрылатын Лингвистикалық комиссияның құрамына мына азаматтарды ұсынамын: Мырзатай Жолдасбеков - фиология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркология кафедрасының меңгерушісі; Әділ Ахметов - фиология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі; Ғарифолла Есім - философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі; Сейіт Қасқабасов - фиология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі; Гүлтас Құрманбай - фиология ғылымдарының докторы, профессор, Назарбаев Университеті жанындағы "Рухани жаңғыру" мәдени орталығының директоры; Ерден Қажыбек - фиология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры. бұл азаматтардың барлығы да қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы ғалымдар", - деді комиссия мүшелерінің тізімін жария еткен ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.
Оның атап өтуінше, Лингвистикалық комиссияның отырысы ашық және жариялы түрде өтетін болады.