«Көгілдір тоғандар» шағын ауданындағы 77 ЖОББМ №169 сайлау учаскесіне ол таңғы сағат 7-де жұбайымен бірге келді.
Ардагердің айтуынша, учаске барлық қажетті заттармен жабдықталған, санитарлық талаптар сақталған және дауыс беру үшін ыңғайлы жағдай жасалған.
«Сайлау – біздің болашағымызға, халықтың өркендеуіне жол ашатын қадам. Сондықтан, өзіміз таңдаған партияға дауыс бердік. Мен сайлауға әйеліммен келдім. Бізде бәрі жақсы болады деп ойлаймын», - деп атап өтті ақсақал Бүркіт Есжанов.
Қарағанды облысындағы барлық сайлау учаскелері мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне және санитарлық талаптарға сәйкес жабдықталды.