Айта кетейік, Түркістан облысында 911 сайлау учаскесі ашылып, онда 1 млн 160 мыңнан аса сайлаушы тіркелген. Облыс орталығы - Түркістан қаласында 50 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Онда қала тұрғындарымен қатар, қызмет бабында жүрген азаматтар және қалаға келген қонақтар да дауыс беруде. Шаһардағы сайлау учаскелерінің біріне жақында ғана шаңырақ көтерген жас жұбайлар да өз таңдауын жасауға келді. Еліміздегі әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін түсінген ерлі-зайыптылар Марат Қалеке мен Ардақ Төлепбек осылайша елдік мәселеге бей-жай қарамайтындығын көрсетті. Марат мемлекеттік қызметкер, жұбайы Ардақ Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің студенті.
Жалпы өңірде мәслихат сайлауы бойынша 320 депутаттық мандат берілсе, оның 45-і облыстық мәслихатқа бөлінген. Ал, қалалық мәслихатқа - 47, аудандық мәслихатқа - 228 депутат сайланбақ.