Бұл туралы Салтанат Тұрсынбекованың штабынан хабарлады.
Құқық қорғаушыны тыңдауға 250-ден астам қызметкер жиналды. Кездесуде кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасы жайлы айтып берді.
Фабрика жұмысшыларынан кейін Салтанат Тұрсынбекова Шымкент қалалық адвокаттар алқасымен кездесу өткізді.
Еске салайық, 26 қазанда үміткер сайлау науқаны аясында аймақтарды аралай бастаған болатын.
Айта кетсек, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.